«Ол — BPL 9-маусымының №1 нытигі»: Death ойыншысы комьюнитидегі қарсыласы туралы
— Команда қалай құрылды?
Death: Достар болып жиналып, бірге ойнадық та, бәрі жақсы жүріп жатқанын түсіндік. Сол себепті осы құраммен әрі қарай, жоғарырақ деңгейде ойнауды шештік.
— BPL 9-маусымының жабық финалында топ-1 нәтиже күткен бе едіңіздер?
BOTIARA: Шынымды айтсам, онша емес. Біз картаға бейімделмей, өз ойынымызды ойнадық, соның арқасында жақсы нәтиже көрсеттік.
— Қазіргі мета мен шотгандарды әлсірету әрекеттеріне көзқарасыңыз қандай? Егер дробовиктер метадан шықса, PUBG Mobile киберспорты қызығырақ бола ма?
Kijrop: Менің ойымша, әзірлеушілер шотгандарды әлсіретіп жатқанына қарамастан, олар алдағы екі-үш жаңартуда метадан шықпайды.
Death: Шотгандарды нерфтеу басталғаны — жақсы нәрсе. Киберспорт расымен қызығырақ болады, бірақ дробовиктер метадан толық кетуі екіталай.
BOTIARA: Олар метада қалады деп ойлаймын, бірақ көп адам пп-ға ауысады.
— Команда ішіндегі түсінбеушіліктер мен қақтығыстарды қалай шешесіздер?
Kijrop: Қақтығысты шешу қиын, бірақ соңында бәріміз қателіктерді мойындап, басқалардың пікірін тыңдау керек деген ортақ шешімге келеміз. Дегенмен, ең тәжірибелі әрі мықты ойыншымыз — BOTIARA-ның пікірі әрдайым басым.
— PMSL жеңімпаздары мен PMGC қатысушыларына қарсы жергілікті турнирлерде ойнау қиын ба?
BOTIARA: Иә, әрине қиын. Бірақ қобалжуды алып тастап, салқынқандылықпен, өз ойыныңды ойнасаң, жоғары нәтижеге жетуге толық мүмкіндік бар.
Kijrop: Өте қиын. Командамен жақсы байланыс пен жылдам шешім қабылдау қажет. Колл сәтсіз болса да, кез келген жағдайдан шығуға болады, бастысы — сену.
— Алдағы уақытта қай ұйымға немесе командаға қосылғыңыз келеді?
Kijrop: Біздің командаға өз қателіктерімізбен жұмыс істеп, мақсаттарға жету жеткілікті деп ойлаймын. Командадан кетудің мағынасы жоқ, басқа ұйымдар да қызықтырмайды.
Death: Мен Fidain ұйымына қосылғым келеді — аты бар ұйым, оған қосылу арқылы бұл тегті одан әрі танымал ете аламыз.
BOTIARA: Бір нақты команда немесе ұйымды айта алмаймын. Ең бастысы — өзімен жұмыс істейтін, дамуға ұмтылатын жақсы адамдар.
— BPL S9 финалындағы жеңіске қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыздар? Киллдар, зона коллдары немесе позициялар ма?
Kijrop: Барлығы зона мен позицияға байланысты. Өз позицияңда отырып килл алу қиын емес, бірақ олардың саны көп болған жоқ. Негізгі аспектілердің бірі — командалық ойын.
Death: Бұл сессияда капитанның коллдары мен әр ойыншының жеке ойыны өте қатты шешті деп айтқым келеді.
— Комьюнити үшін айтар сөзіңіз бар ма?
Kijrop: Командамен көбірек жұмыс істеп, басқа ойыншылардың пікірін тыңдау керек, тіпті ол қате болып көрінсе де. Кез келген жағдайдан шығу жолы бар екенін ұмытпаңыздар.
Death: BETS — BPL 9-маусымының №1 нытигі…
2 пікірлер