«BPL S8-де көпшілігі — қарсыласын хайлайтқа шығару үшін ойнайтын ақымақ стектер» — KOOP1N

Платформаның ТОП командасының ойыншысымен сұхбат — BAPE ESPORTS

BIGPLAY турнирлеріне қалай келдіңіздер, қалай таныстыңыздар?

KOOP1N: Кім кіммен танысты, кім осы құрамды жинады – білмеймін. Мен келгенде тек TyseJyse үшін келдім. Осы құрамда ойнаған уақытта жаңа жігіттерді таныдым. Платформа жайлы барлық командалар біледі деп ойлаймын. Бұрын да осы жерде турнирлерге қатысқанмын, қазір де солай.

BPL S8-де ұпай бойынша озғыларыңыз келетін командалар бар ма?

KOOP1N: Тек MadBulls. Олардың ойыны өте жақсы, TULIKA қазір формасында, бірақ ол жерде LEMON да ойнайтынын ешкім жоққа шығармайды. Басқа командалар бұрынғыдай ерундылармен айналысып жүр – 4 баггимен драйвбай жасау сияқты. Геймплей мүлдем өзгермеген — хайлайт үшін қарсыласын өлтіруге тырысатын ақымақтар болып қала берді.

MadBulls жайлы тағы бір рофл бар: Валера «Pusher» мен Андрей «TUL1KA» бұрын Lemona-ны софтпен ойнайды деп айыптап, сөгіп жүрген, ал кейін өздері онымен бірге ойнады. Нәтиже үшін не істемейсің :)

PMNC Өзбекстан турнирінде читы үшін көптеген командалар ұшып кетті. Софтшылар жайлы не ойлайсың?

KOOP1N: Читке қарсымын, бірақ егер менің командамда софт болса, рахаттанып ойнай берер едім. Өзбектер жайлы айтсам, оларға мүлдем сенуге болмайды, олардың кез келгені софт қолдануы мүмкін.

Жеңілістермен, сәтсіздіктермен және ішкі жанжалдармен қалай күресесіздер?

KOOP1N: Ештеңеге бас қатырмаймыз. Біз ештеңе талқыламаймыз, турнирлерге дейін де, кейін де жаттығу жасамаймыз. 10К дефолт туриктерге кіріп, оларды да ұтып аламыз. Командада үш адамның Mobile Legends-тағы сағаты PUBG-дегіден көп.

Сен командадағы көпшіліктің MLBB-тағы сағаты PUBGM-нан көп дедің. Баттл-роялда үлкен мақсатқа ұмтылмайсыңдар ма?

KOOP1N: PMCO сияқты слоттары бар турнирлер жарияланғанда дайындаламыз. Осы PMCO-ға үлгермедім, формаға кіріп үлгермедім, себебі турнир басталмас бұрын ғана ойынға оралдым + команда да турнирге бірнеше күн қалғанда ғана жиналды.

Командаңызда біздің турнирлерде "қарғыс атқан" спот бар ма, ол жерден қашуға тырысасыздар ма?

KOOP1N: Сосновка. Біз жиі сол жерде лут жасаймыз, бірақ егер ұшақ Рожок арқылы ұшпаса, ол жерді MadBulls луттайды. Сондай кезде сол жерден қашуға тырысамыз, себебі 4-0 ұшып кеткіміз келмейді.

Қай қаруды ойындағы алып тастар едіңіз?

KOOP1N: Барлық дробовиктерді. Ұзақ уақыт бойы олар имба болып тұрды, егер оларды алып тастаса, көп ойыншылар қайтадан анскилл болады. Мүмкін, мен де. Клатчтардың 99%-ы дробовиктен жасалады.

BIGPLAY командаңыз үшін қандай рөл атқарады?

KOOP1N: Басқа бейресми турнирлер сияқты – рахаттанып ойнау үшін. Бірақ BIGPLAY-де статистика бар және көптеген фишкалар бар – осының арқасында ол өзгелерден ерекшеленеді.

Қандай да бір командаларды немесе ойыншыларды антипатия үшін айналып өтесіздер ме?

KOOP1N: Бұрын ойыншылармен көп қақтығыс болған, бірақ қазір кіммен және не үшін ұрысқанымды есімде жоқ, сондықтан кез келгенімен ойнаймын. Тек 17-18 жасқа толмаған школниктерді айналып өтер едім, олар жасына байланысты әрқашан бірдеңе бүлдіреді.

Өзіңнен бірдеңе қосқың келе ме?

KOOP1N: Осы мусорға уақыт кетірмей, өмірде өзіңді жүзеге асырған дұрыс. GBRUTE-ті сағынып жүрмін.

Likes
Comments1
04.09.2025

1 пікірлер

Пікірлер жоқ