Мен оған енді ресми турнирге қатыса алмайтынын түсінуге көмектесемін" – CLYDE комьюнити-дегі қарсылас туралы

Платформадағы ең мықты командалардың бірімен сұхбат — DOMINANT PLAYERSS

– BIGPLAY турнирлеріне қалай танысып, қалай келдіңіздер?

BLAGO: Алғашқы турнирлердің анонстарын көрдік. Серияларды өткізу жүйесі қатты ұнады – бұл бір ерекше, керемет нәрсе болды әрі апта сайын өтіп тұрды.

– Сіздер үшін арнайы ойнап, жеңу маңызды саналатын команда бар ма?

CLYDE: Міндетті түрде ойнағымыз келетін командалар жоқ. Біздің басты мақсатымыз — про-деңгейдегі ойыншыларды жеңу. Сонымен қатар бізбен бір спотты бөлісетін командалар бар, ондай жағдайларда contest-ті ұтылғың келмейді.

– Коллдар бойынша келіспеушіліктер, даулар болып тұра ма? Ондайды қалай шешесіздер?

BLAGO: Жалпы алғанда команда әрқашан капитанға құлақ асады, кейде біз де өз ойымызды ұсынамыз. Кей шешімдер аса сәтті болмайды, бірақ талдау кезінде ондай қателіктерді түзетуге тырысамыз, қайталанбауын қадағалаймыз.

– Минометпен атып түсіргіңіз келетін ойыншылар бар ма?

CLYDE: Есіме тек BEAVIS түседі — оған ресми турнирге енді қатыса алмайтынын және амбициясын азайту керегін түсінуге көмектесемін.

BLAGO: Мені SHARLEY деген никтегі ойыншы қатты тітіркендіреді, неге екенін білмеймін, бірақ лоббиде оның болуы мазамды алады.

– Ертең PUBG Mobile болмай қалса, не ойнайтын едіңіздер?

CLYDE: Мен Тетрис пен Саперді өте жақсы көремін — бос уақытымды түгел соған арнар едім.

BLAGO: Мен Clash Royale мен Дурак Online-ға ауысар едім.

– Жеңілістерден кейін де ойнауды жалғастыруға сіздерді не ынталандырады?

CLYDE: Джейсон Стэтхэм айтқандай, егер 10 мың сағат бойы пайдасыз іспен айналыссаң, соңында соның өзінде феноменалды деңгейге жетесің.

– BIGPLAY сіздің командаңыз үшін қандай рөл атқарады?

CLYDE: BigPlay бізге про-командалармен жаттығу мүмкіндігін береді, қомақты жүлде қорымен ынталандырады, ал матчтардың комментаторлығы әрқашан жоғары деңгейде.

– Нақты өмір мен турнирлерді үйлестіру қиын ба?

BLAGO: Жұмыстан үйге келемін, ұйықтап аламын да турнир басталар алдында оянамын. Әуеліде өте оңай еді, қазір онша емес…

CLYDE: Жеке өзіме қиын емес. Оқу мен жұмыс күннің бірінші жартысында бітеді, кейін қызу жаттығуға, 2 сессия ойнауға уақыт бар, одан соң залға барып, сергіп келуге болады.

– Жаңарту мен уәде етілген вертикалды графика қалай әсер қалдырды?

CLYDE: Жаңа графика әсер қалдырмады, ал атуды өзгертуді тіпті талқылағым келмейді. Реалға жақын recoil болса деймін — сонда ойыншылар көбірек жаттығар еді, әрі біреу туралы: «Уау, ол шынымен мықты атады», деуге болар еді.

– Өзіңізден қосарыңыз бар ма?

BLAGO: Әйелдерді сүйіңдер, пабг ойнаңдар және сыра ішіңдер!

Likes
Comments0
10.09.2025

0 пікірлер

Пікірлер жоқ