ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:
Командадағы әр қатысушы регламентті оқып, қабылдап, оны сақтауға міндетті, әйтпесе команда турнирге
жіберілмейді.
Турнирге кем дегенде 35-деңгейдегі аккаунттар ғана қатыса алады.
Тек мобильді құрылғыларды (планшет және смартфон) қолданатын ойыншыларға қатысуға рұқсат етіледі.
Эмулятор қолдануға тыйым салынады!
Команда әр ойыншының атынан барлық ойындарды жазып отыруға міндетті. Ұйымдастырушылар кез келген
ойынның жазбасын талап етуге құқылы.
ТЫЙЫМДАР:
- Өзін-өзі көтеру (self-res) қолдану – команданың матчтағы барлық ұпайлары жойылады.
- Өзін-өзі көтеру құралын алып жүру – 5 ұпай айыппұл.
- Тимминг (басқа ойыншылармен әдейі бірігу).
- Үшінші тараптың бағдарламаларын (читтер) қолдану.
- Лобби ID мен құпиясөзді басқа адамдарға беру.
- 35-деңгейден төмен аккаунттарда ойнау.
- Егер 1-слотқа түсіп кетсе, ойынды жалғастыру.
- Басқа команданың слотына кіру.
- Жеке тұлғаларды/діндерді/ұлттарды қорлау.
- Ұйым мен оның қызметкерлеріне құрметсіздік көрсету. Оларға қатысты балағат сөздер қолдану.
- Ойынның қателіктерін пайдалану.
- Құтқару шары қолдану.
- Спортқа жат қылықтар жасау.
- Ракетницаларды қолдану.
- Өзін-өзі көтеруді қолдану.
Жоғарыда көрсетілген ережелер бұзылған жағдайда ұйымдастырушылар келесі шараларды қолданады:
- Ауызша немесе жазбаша жария ескерту;
- 20 ұпай айыппұл;
- Дисквалификация және қатысуға тыйым.
- Жиі бұзушылықтар қатаң жазаға, тіпті болашақ жарыстарға қатысуға толық тыйым салуға әкеледі.
ҚАЙТА ОЙЫН:
Қайта ойын ұшаққа мінбей тұрып немесе ойын жалғаса алмайтын жағдайда әкімші шешімімен жүргізіледі.
Дисквалификация алған команда үшін қайта ойын тағайындалмайды.
ТЕНГЕСТІРУ:
Екі немесе одан да көп команда бірдей ұпай жинаса, орындар келесі негізде анықталады:
• Осы кезеңдегі жалпы жеңістер саны.
• Орын үшін жиналған жалпы ұпай саны.
• Кезеңдегі жалпы килл саны.
• Турнирдің соңғы ойынындағы орын.
ҰПАЙЛАР:
1-орын – 10 pts
2-орын – 8 pts
3-орын – 7 pts
4-орын – 6 pts
5-орын – 5 pts
6-орын – 4 pts
7-орын – 3 pts
8-орын – 2 pts
9–16-орын – 1 pts
17–32-орын – 0 pts
Килл ұпайлары:
1 килл – 1 pts
ЖҮЛДЕ ҚОРЫН ТӨЛЕУ
Турнир жеңімпазы — финалда жеңіске жеткен ойыншы (жеке форматта) немесе команда (командалық
форматта).
Жүлде қорының жалпы көлемі мен бөлінуі Ұйымдастырушы тарапынан белгіленеді және жарыс басталғанға
дейін кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін. Жүлде қорының көлемі мен бөлінуі ресми сайттағы турнир бетінде
жарияланады.
Жүлде төлемдері:Барлық төлемдер 14 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жүлделер PUBG Mobile
аккаунтына UC түрінде жіберіледі.